ОҚО Түлкібас ауданына 16,5 мыңнан астам турист келді

Шымкент. 30 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) Түлкібас ауданына 16,5 мың турист келді, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына 16,5 мыңнан астам турист келді. Оның ішінде 500-дейі шетелдік турист болса, қалғандары Қазақстанның басқа өңірлерінен келді. Олар Түлкібас ауданының сұлу жерлерін тамашалады», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Осы көркем ауданда туристерге жағдай жасалған. Мысалы, облыс әкімшілігінің мәліметтерінше, онда 2 қонақ үйі, 2 санаторий, 4 қонақтарды қарсы алатын үй, балаларға арналған 8 маусымдық сауықтыру лагерлері салынған. Одан басқа, мұнда Кемербастау кентінде бие сүтімен емдеу орталығы ашылған. Орталық сөзсіз туристерді тартады, себебі бұл салауатты өмір салтын насихаттаудың тамаша құралы және халықты экологиялық таза өніммен қамтамасыз етеді, деп сенеді әкімшіліктегілер.
Түлкібас ауданында балалар туризмін дамытуда да аз тірлік атқарылып жатқан жоқ. Жабағылы ауыл округының аумағында 5 гектар жер балалар тынығу орны ретінде бөлінген. Қазір жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.
Хабарда атап көрсетілгендей, туристерді «Ақсу Жабағылы» қорығы да тартады. Ол 1927 жылы құрылған және өзінің фауынасы мен флорасы жағынан ерекше. Қорық аумағында 60-тай жануарлар мен құстар түрі мекендейді, 200-ден астам өсімдік түрлері өседі. Олардың арасында Қазақстан Қызыл кітабына енгізілгендері де бар. Одан басқа, туристерге Ақбиік аулындағы Қарсат үңгірі, Машат шатқалы, Тянь-Шань тауларының сілемдері мен көптеген басқа да тамаша жерлер де қызық болады.

adimage