ОҚО Түлкібас ауданында биліктің күшімен 900-ден астам адам жұмысқа орналастырылды

Күні: 19:56, 15-11-2014.

Шымкент. 15 қараша. ҚазТАГ – Биыл ОҚО Түлкібас ауданында мыңға тарта адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
«Биыл Түлкібас ауданында мыңға тарта адам жұмысқа орналастырылды. Егер нақты айтар болсақ, 905 адам, бірақ, әлі 1426 адам жұмыссыз», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінен аудан әкімі Қайрат Әбдуалиевтің есебіне сілтемелеп.
Әкімшіліктен мәлім еткендей, «Жұмыспен қамту – 2020» мембағдарламасымен ауданда 3 орта мектеп жөндеуден өтті. Оған Т134,4 млн қаражат жұмысалды. Сондай-ақ, оған қоса облыстық бюджет қаражатына 200 орындық 3 мектеп салынды. Ол мақсаттарға Т1116,2 млн бөлініп, оның Т601 млн  сомасы игерілді.
Жергілікті бюджет қаражатына 150 орындық М. Мәметова ат. мектеп құрылысы жүріп жатыр. Мектепке Т161,7 млн бөлініп оның Т150 млн сомасы игерілді. Сондай-ақ аудандық қаражат есебінен екі мектеп күрделі жөндеуден өтті. Баспасөз қызметінен атап кеткендей, Т68,3 млн қаражат игерілді де.
Осы мембағдарлама бойынша, Мартөбе аулында орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізілді. Облыс бюджетінен Т175,6 млн Түлкібас ауданындағы үш ауылда спорт кешендерінің құрылысына деп бөлінген, ал аудандық бюджет қаражатына Т. Рысқұлов ат. ауылдағы футбол алаңын салу қаржыландырылды.
Одан басқа, «Қол жетімді баспана» бағдарламасы бойынша Састөбе кентіндегі «Жаңа» ықшамаудандағы көпқабатты үйлерді, Түлкібас кентінің Жайлау к-сіндегі көпқабатты үйлерді қайта жөндеуге облыстық бюджеттен Т164,5 млн бөлінді. Қазірдің өзінде Т124,5 млн қаражат игерілді.


Жаңалықтармен бөлісу: