ОҚО Түлкібас ауданында екі жаңа көпір пайдалануға берілді

Күні: 16:12, 06-11-2014.

Шымкент. 6 қараша. ҚазТАГ – Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында ел игілігі жолында екі жаңа көпір ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Соның бірі Керейт ауылындағы Ұзындығы 105 метр, ені 12 метр болатын көпір. Құрылысын мердігер «ЖБИ-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген бұл көпірге облыстық бюджеттен 233 млн теңге қаржы бөлінді», - делінген бейсенбі күнгі баспасөз қызметінің хабарында.
Мердігер мекеме бес айда құрылысын жүргізіп бүгінгі күні пайдалануға беріп отыр. Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауылында ұзындығы 27 метр болатын жаңа көпір қолданысқа берілді. Аталмыш көпір құрылысын «Мико-ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 63 млн теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Көпірдің ашылу салтанатына аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихаттың депутаты К.Жартыбаев қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.


Жаңалықтармен бөлісу: