ОҚО туристік әлеуетін 6 елдің туроператорларының өкілдері бағалады

Шымкент. 19 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуетін алты елдің блогерлері мен туристік операторлардың өкілдері бағалады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Оңтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуетін алты елдің блогерлері мен туристік операторлардың өкілдері бағалады. «Жібек жолындағы 1001 түн» ақпараттық турын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «ОҚО туризм индустриясын дамыту орталығы» қауымдастығы ұйымдастырған. Ол  EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық аясында өтті», - деп хабарлады дүйсенбіде облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

Төрт күн бойы қала қонақтары Оңтүстік Қазақстан облысының сұлулығы мен көрікті жерлерін тамашалады. Олардың арасында Қазақстанның, Францияның, Ресейдің, Аустралияның, Латвияның, Араб Әмірлігінің журналистері мен туристік  компания өкілдері болды.  

Делегация Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб мавзолейлері мен басқа да тарихи ескерткіштерді аралады. Сонымен қатар, қонақтар үшін Сарыағаш ауданы мен Шымкент қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
  
«Бұл ғажайып жер, сәулет, тарих ескерткіштері бар. Қажылыққа барушылардың бұл жерге келуді ұнататындары түсінікті де. Бұл өңірге Қаақстанның басқа өңірлерінің тұрғындарын да қызықтыру керек», - деді елордалық туризм ассоциациясының өкілі Әлия Ахмалышева.

Хабарда айтылғандай, аталмыш көп күндік экскурсия ішкі және сыртқы туризмнің дамуына әсер ету, туристік бренд қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.
  
Оған қоса, мұндай кездесулер басқа елдердің туристік фирмаларының өкілдерін Оңтүстік Қазақстан облысының әдемі жерлерімен таныстыруға, халықаралық нарықта отандық туристік өнімді шығару бойынша алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді,    

adimage