Шымкент. 25 қазан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының Жазушылар одағын ақын Бақытжан Алдияр басқарады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО Жазушылар Одағын Бақытжан Алдияр басқарады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен кездесуде Ғалым Жайлыбай (ҚР Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары - ҚазТАГ) мәлімдеді. Ол облыста әдеби ортаны бір арнаға ұйыстырып, жас таланттарды елге танытудың маңыздылығына тоқталды», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарында.
Ғ.Жайлыбай оңтүстік өңірі талай қарымды қаламгерлердің қарашаңырағы екенін баса айтты.
Өз кезегінде А.Мырзахметов әкімдіктің өңірдегі ақын-жазушылармен ел бірлігін, ынтымағын арттыру бағытында ары қарай да етене жұмыс жасайтынын жеткізді.
Қатысты сілтемелер
-
АҚШ азаматы Юлия Гагаркинадан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді5 Маусым 2023, 19:17
-
Қамауда отырған Қайрат Сатыбалды Алматының орталығынан қонақүй сатып алды5 Маусым 2023, 19:00
-
Қазақстан ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісімді ратификациялады5 Маусым 2023, 18:51