Шымкент. 11 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) жерге жүргізілген түгендеу кезінде иесіз 27 мың га-дан астам жер анықталды, деп хабарлады облыстық әкімшілік баспасөз қызметінен.
«ОҚО жерге жүргізілген түгендеу кезінде иесіз 27 мың га-дан астам жер анықталды. Комиссия, барлығы, 605 мың га ауыл шаруашылығына арналған жер мақсатқа сай емес пайдаланып жатқанын анықтады», - деген облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Созақбай Әбдіқұловтың мәліметтерін баспасөз қызметі келтіреді.
Әкімшіліктен нақтылап кеткендей, анықталған жер телімдерінің 486,3 мың га-сы аудандық арнайы жер қорына қайтарылды. Олардың арасында 122 конкурс өткізілді, онда 2529 жеке тұлға мен заңды тұлғалар жеңімпаз деп танылды. Олар жалға 460,7 мың га жерді ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін жалға алды.
Баспасөз қызметінен атап кеткендей, 316,7 мың га жер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілді, ал қалған 144 мың га жерді адамдар ауыл шаруашылығын жүргізу үшін алды.
Одан басқа, жер түгендеу кезінде мақсатқа сай емес пайдаланылып жатқан кәсіпкерлік жұмысқа арналған жер телімдері анықталды. Барлығы ондай учаскелер 561, ал оның ішінде 43 жер телімдері мемлекетке қайтарылып, 124 жер телімдеріне қатысты материалдар жер инспекциясына жіберілді.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды8 Маусым 2023, 19:33
-
Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды8 Маусым 2023, 19:27
-
Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді8 Маусым 2023, 19:23
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03