Оңтүстік Қазақстан ауылындағы балабақша құрылысына Т220 млн-нан астам қаражат бөлінеді

Шымкент. 1 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Жабағылы ауылында балабақша құрылысына Т220 млн-нан астам қаражат бөлінді, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Ауылда балабақша құрылысы басталды. Оған облыс бюджетінен 224 млн теңге қаражат бөлінді. Мердігер құрылысты бір жылда аяқтап, балабақша пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда», - деді сенбі күні әкімшіліктен.  
Бұл ретте, қазір сол ауылда балалар алаңы пайда болып, онда барлық балалар ойнай алады. Одан басқа, әкімшілік мәліметтерінше, ауылда ауыл клубы жөнделді. Ол мақсатқа Т34 млн 275 мың қаражат бөлінді.
«Енді Жабағылы аулының тұғындары бос уақыттарын ауыл клубында өткізе алады», - деді баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, Түлкібас ауданының Кемербастау аулында құны Т3 млн 200 мың болатын полиция учаскесі салынғаны айтылады.

adimage