Оңтүстік Қазақстан экономикасының дамуына 2015 жылы Т91,2 млрд инвестиция тартылды

Биыл Оңтүстік Қазақстан экономикасын дамытуға Т91,2 млрд инвестиция тартылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Биыл Оңтүстік Қазақстан экономикасын дамытуға Т91,2 млрд инвестиция тартылды. Ол өнеркәсіп саласын дамытуға көмек болары сөзсіз.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 11,8 млрд сомалық инвестицияны игерді. Ол былтырғыға қарағанда 69, 4%-ға артық», - деп айтқан ОҚО кәсіпкерлік, индустриалдық-инновациялық даму және туризм басқарма бастығы Бауыржан Омарбековтың сөзін баспасөз қызметі келтіріпті.
Оның айтуынша ШОБ нысандары қолдау көріп те отыр.
Басқарма жетекшісі биылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәліметтер бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді жұмыс атқарып жатқандарының саны 127 932 дана, олар Т722,9 млрд сомаға өнім шығарды деп мәлім етті. Биылғы жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 184 605 данаға дейін өсті. Сонымен қатар осы ШОБ нысандарының төлейтін салық арқылы облыс бюджетіне қосатны үлесінің де артып отырғанын айту керек. Сондықтан ОҚО кәсіпкерлік, индустриалдық-инновациялық даму және туризм басқармасы ШОБ нысандарының жыл сайын артып отыруына мүдделі де.
Б. Омарбековтың айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 781 жоба мақұлданды, олардың жалпы құны Т396,8 млрд болады. Барлық жобаларды іске қосу тт 785 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Басқарма бастығы атап өткендей, биыл Т117,3 млрд болатын 59 жоба мақұлданды.


adimage