Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі өңір халқын еліміздің Тұңғыш президенті күнімен құттықтады

Шымкент. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңір халқын еліміздің Тұңғыш президенті күнімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Облыс әкімі оңтүстік қазақстандықтарды еліміздің Тұңғыш президенті күнімен құттықтады. Ол 1 желтоқсан - қазақстандықтардың бірлігінің күні екенін атап өтті», - деп хабарлады баспасөз қызметінен дүйсенбі күні.
Облыс әкімі бұл мереке еліміздің тұрғындарының этникалық әр келкілігіне және дініне қарамай, барлығын экономикалық және әлеуметтік жетілдіру міндеттерін орындауға жұмылдырады деп атап өтті.  
«1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар қазіргі іс басындағы президенттің пайдасына өз таңдауларын жасады. Оның стратегиялық дарыны, көрерменділігі мен мақсатқа қол жеткізудегі табандылығы қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуындағы және жетістіктерін әлем жұртшылығы мойындаған еліміздің сенімді дамуындағы негізгі діңгегі болды», - деп атап өтті А. Мырзахметов.  
Облыс басшысы президенттің елдің гүлдену жолындағы талмас еңбегі ең жоғарғы баға лайық екенін қадап айтты.
«Тұңғыш президенттің жетекшілігімен Қазақстан әлемге танылды және ядролық қарудан бас тарту арқылы бейбіт мемлекет ретіндегі, этностар мен діндер арасындағы толеранттықтың ерекше үлгісін қалыптастырып, ең басты байлығы және игілігі  қоғамдық келісім мен халық бірлігі болып табылатын ел ретінде беделге ие болды», - деп атап кетті А. Мырзахметов.  

adimage