Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Күні: 18:37, 27-10-2014.

Шымкент. 27 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облыс (ОҚО) әкімінің орынбасарлығына Ерлан Айтаханов тағайындалды.
«Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Айтаханов Ерлан Қуанышұлы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - деп көрсетілген облыс әкімінің ресми сайтында дүйсенбі күні жарияланған хабарда.
Хабарда атап көрсетілгендей, Е.Айтаханов 1971 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған. 1995-2012 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің кредит беру департаментінің бас маманы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының бастығы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаменті директорының орынбасары, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының кеңесшісі, Алматы қаласы тарифтер жөніндегі басқармасының бастығы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры, ҚР Қаржы министрлігі Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болып еңбек етіп келеді.


Жаңалықтармен бөлісу: