Оңтүстік Қазақстан облысы мақташыларының кірісі 20%-ға өсті

Шымкент. 9 қыркүйек ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысы мақташыларының кірісі   20%-ға өсті, деп мәлімдеді «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қайнар Абасов.  

«Егер былтыр мақта шикізатын сатып алу бағасы килограмына 75-80 теңге тұрған болса, онда биыл мақта талшықтарының сәйкес бағаларына орай мақтаның килограмы 100 теңгеден сатып алынуда, және бұл шаруалардың кірісін жиырма және одан да көп пайызға арттырып отыр», - деді Қайнар Абасов сәрсенбіде Орталық коомуникациялар қзыметінің облыстық филиалындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру және кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында өткен онлайн-брифинг барысында.  

«Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қ.Абасовтың айтуынша, аталмыш нәтижеге «теңгенің еркін бағамын енгізудің арқасында қол жеткізілген, соның нәтижесінде бүгінде эспортшылар бірқатар басымдықтарға ие болып жатыр».  

Өз кезегінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев өңірдің индустриалды-инновациялық даму қорытындысына қысқаша тоқталды.  

«Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы – көлік-логистикалық инфрақұрымы дамыған, жаңа экономикалық және туристік қарымы бар, заманауи телекоммуникация жүйесімен қамтылған инвестиция үшін қолайлы жағдайы бар өңір», - деп атап өтті Сапарбек Тұяқбаев.

adimage