Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақтелеком» компаниясының абоненттерінің саны 245 мыңнан асады

Шымкент. 29 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) «Қазақтелеком» компаниясының абоненттерінің саны 245 мыңнан асады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақтелеком» компаниясының Оңтүстік Қазақстандағы абоненттерінің саны 245 мыңнан асады. Кең жолақты қосылу қызметін пайданушылар саны 79 мыңнан асады, оның ішінде iD Net қызметін пайдаланушылар 18 мыңнан асады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан ОТД директоры Нұрлы Бектұрсынов облыс әкімшілігіндегі брифингте айтып берді», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, оңтүстік-қазақстандықтар тек қана бекітілген телефон байланысымен ғана пайдаланбай, сонымен қатар әлемдік телекоммуникациялық нарықтағы әртүрлі трендтерді пайдаланады.
Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда 12,5 мың адам цифрлық интербелсенді теледидар iD TV пайдаланады, 8442 адам iD Phone қызметін пайдаланады.
Хабарда айтылғандай, облыстағы елді мекендерде сымсыз технологиямен кең жолақты қосылу арқылы интернетке 6570 абонент қосылған. Аймақта телефон желісін цифрландыру деңгейі 100%-ды құрайды. Одан басқа, қазір облыс мектептері 100% телефонмен қамтамасыз етіліп және интернетке қосылған.
Облыстағы 838 ауылдық елді мекендердің 830-ы тұрақты телефониямен қамтамасыз етілген. 7 елді мекенде ондай қызметті көрсету мүмкін емес, себебі оларда электр энергиясы жоқ. Тағы бір ауыл – Отырар ауданындағы Аққұм аулын қосыдың мағанасы жоқ, себебі онда ешкім де тұрмайды.
Сондай-ақ брифингте компания аймақта төртінші буын 4G байланысын енгізіп жатқаны белгілі болды. Ол қызметті қазір Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларының тұрғындары көріп жатыр. Бүгінге Оңтүстік Қазақстан облысында 221 базалық станса қосылған.

adimage