Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық жабдықтар шығаратын зауытты жетілдіреді

Шымкент. 30 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) медициналық жабдықтар шығаратын «Қазмедаспап» ЖШС  зауытын жетілдіреді, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Медициналық жабдықтар шығаратын зауытты жетілдіреді. «Қазмедаспап» ЖШС кәсіпорны жаңа станоктар сатып алмақшы, және тағы бір ғимарат тұрғызбақшы. Қазір мұнда қазақстандық құрам үлесі 90%-ды құрайды. Жетілдірілген соң бұл көрсеткіш бұдан да үлкен болады», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Қазмедаспап» компаниясы он жыл бұрын жұмысын бастаған. Ол кезде ол жиһаз шығаратын шағын цех болатын. Қазір ол медициналық жиһаз мен техника шығаратын ірі өндіріс. Мұнда өнімнің 300 түрін шығарады, олардың арасында узи, рентген аспабы, электрокардиографтар, пульсооксиметрлер, фетальдық мониторлар мен доплерлер, ауамен және  бумен стерильдегіштер және көптеген жоғарғы технологиялық жабдықтар шығарылады.
Одан басқа, зауытта медициналық техника шығарылады. Олар - арнайы төсектер мен ота жасайтын үстелдер. Бұлардың барлығы емдеу-профилактикалық мекемелерде және сауықтыру мекемелерінде, жедел жәрдем ауруханаларында, санаторийлерде, мүгедектер мен қарттар үйінде қолданылады. Бұл жерде жедел жәрдем автомобильдерін де жинайды. Оның үстіне бұл кәсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысында жылжымалы медициналық кешен шығаратын жалғыз кәсіпорын.
Хабарда айтылғандай, жетілдіру жобасының құны Т350 млн, ол 240 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Толық қуатына шыққанда зауыт жылына 60 мың дана медициналық жиһаздар мен аспаптар шығара алады, деп мәлім етті облыстық кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасынан. Дайын өнімдердің 80%-дайы ішкі нарықта сатылады, ал 20% экспортталады. «Қазмедаспап» компаниясы 2015 жылы аймақтық «Қазақстанның ең жақсы тауары» конкурсында «Ең жақсы өндірістік тауар» атауында жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, өнімнің 20 түрі Ресей Федерациясының аумағында сатуға тіркелген.

adimage