Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ордабасы құс» ЖШС өнімнің 75 түрін шығарады

Шымкент. 8 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ордабасы құс» ЖШС өнімнің 75 түрін шығарады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ордабасы құс» ЖШС өнімнің 75 түрін шығарады. Бұл туралы кәсіпкерлер облыс әкімі Бейбіт Атамқұловқа ауданға жасаған жұмыс сапары барысында әңгімеледі», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

Өңір басшысы 2010 жылы тікелей телекөпір барысында Қазақстан президенті іске қосқан кәсіпорынның жемісті жұмыс жасап, күткен нәтижені беріп жатқанына көз жеткізді.  Бизнесмендер бүгінгі таңда кәсіпорын өнімінің өте пайдалы екеніне сатып алушыларды сендірудің қажеті жоғын айтады. Оңтүстік Қазақстан облысынағы күркетауық етінің өніміне жоғары баға берілді.  

«Кәсіпорынның жалпы өндірістік қуаты – тірі салмақта  8 мың тоннадан астам.  Бүгінгі таңда біз өнімнің 75 түрін шығарамыз және өнім түрлерін көбейтудеміз. Қазір бізде 400-ден астам адам жұмыс жасауда, ал өнімнің жаңа түрі шығарылған сайын жұмыс орныдарының саны да көбейеді», - деді «Ордабасы құс» ЖШС бас директоры Мұрат Тағаев.
  
Кәсіпорында атап өткендей, жұмыстың әр кезеңінде мемлекеттік қолдау сезіліп тұр. Өндірісті кеңейту барысында мемлекеттік даму институттарына жүгіну одан сайын артады. Қазір компанияда өнім сапасын арттыру бағатында жұмыс жасайды, ең бастысы оның өзіндік құнын төмендету болмақ.

«Қазақстанда біздің бәсекелестеріміз жоқ. Біз жаңадан бастап жатырмыз, бірақ Еуропаға дейін барамыз. Біз сақтау мерзімін ұзарту үшін ешқандай қоспа немесе консерванттар қоспаймыз.  Біз тек 100% ет қолданамыз. Оның үстіне біз өз өнімдерімізді ең жақсы ағаш үгінділеріне ыстаймыз. Біз қатысқан көрмелерде күркетауық етінен жасаған тғамдарымызға барлығы таңданыс білідіріп жатады», - деді тереңінен қайта өңдеу цехының технологы Татьяна Кущенко.

Облыс әкімі өзіне құс кешенінің ерекше ұнағанын айтып, оған қаржы салған инвесторларға алғысын білдірді.  

adimage