Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалдық аймағының кәсіпорындары өнімдерін экспорттауға дайын

Шымкент. 27 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалдық аймағының кәсіпорындары өнімдерін экспорттауға дайын, деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
«Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалдық аймағының кәсіпорындары өнімдерін экспорттауға дайын. Атап айтқанда «Оңтүстік» өндірістік аймағы. Металл экспорты жағынан біз экспортқа шығуға дайынбыз. Сұраным Өзбекстаннан түсіп те жатыр. Алматы мен Астанадан шыны шөлмек экспортына сұраным түсуде. Қазір кәсіпорын кеңеюде, жергілікті тұрғындардың өздері жергілікті шыны ыдыстарды сатып алуда, себебі ол арзан және сапасы жағынан кем емес. Біз бағаны ұстап тұруға тырысудамыз», - деді облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
Шыны ыдыстар шығаратын зауыт қоймасында өнім көп жатпайды. 240 мың шөлмек 4 жүк машинасына тиеліп, жақында ғана Қырғызстанға жөнелтіледі. Бұрын тауарды қайда жіберерін білмейтін, ал қазыр тапсырысты орындап үлгермей жатыр. Кәсіпорын жылына 60 млн шөлмек шығаруға дайын. Бұл жерде қуатты пеш салуға кірісті. Соның арқасында шыны шөлмектердің санының артуы есебінен өзіндік бағасы арзандамақ. Мотор майын шығаратындар мен ортофосфор қышқылы және шифер шығаратын кәсіпорындар да өз өнімдерін экспорттамақшы. Шифер зауыты жыл сайын 2 млн жапырақ шифер шығарып жатыр.
«Бізде жұмыс үш аусыммен істейді, зауыт тәулік бойына тоқтамай істейді. Айта кетерлігі өнім қоймаларда аз, тез сатып әкетеді», - деді шифер зауытының шебері Бүркітбай Байғосынов.
Жергілікті базарларды өз өнімдерімен қамтамасыз етіп тұрған барлық кәсіпорындар қазір экспорттаушылар болды. Олар шетелдік сатып алушыларға шығу оларға өндірісті кеңейтуге, қуатын арттыруға жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп сенеді.

adimage