Оңтүстік Қазақстан тұрғыны өзінің шаруашылығында түйеқұс өсіруді бастады

Шымкент. 6 қазан.  ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Мұрат Сихинбаев өзінің шаруашылығында түйеқұс өсіруді бастады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«ОҚО тұрғыны өзінің шаруашылығында түйеқұс өсіруді бастады.  М. Сихинбаев алып құстарды үй жануарларының қасына қойған. Енді түйеқұстар тауықтар мен жылқылардың қасында өсіп жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

«Қандай да бір ерекше бизнес ашқым келді. Алдымен әдебиеттерге көп уақыт жібердім, сатып алдым, оқыдым. Тіпті африка құстарын өсірумен айналысып жүрген шаруа қожалықтарына арнайы шебер кластарға да бардым. Түйеқұстарды қалай жемдейтінін, емдейтінін үйрендім», - деп есіне алады бұрынғы ауыл жүргізушісі М. Сихинбаев.

Оның айтуынша, шаруа қожалығындағы 4  түйеқұсқа жеңсік ас ретінде күніне бірнеше рет алма береді. Фермердің айтуынша,  олар экзотикалық қанаттыларға өте ұнаған. Түйеқұстарды күтіп-бағу үшін арнайы кең торлы жайлар салынған.

«Адам бірдемеге қол  жеткізу үшін еңбектенуі керек. Біз шаруа қожалығымыздың жақсы болғанын, қолайлы болғанын, өніміміздің көп болғанын, облыс тұрғындарының қалтасы көтеретіндей болғанын қалаймыз», - деп бөлісті өз ойымен шаруашылық басшысы.  

Сонымен қатар, М.Сихинбаевтың шаруашылығында тауықтар мен жылқылар да бар, ал жақын арада мұнда бахтақ пен бекіре ұстауды бастайды. Балықтар үшін бассейн бен 3 жасанды көл дайындау басталды.

adimage