Оңтүстік Қазақстанда 2014 жылы 107 балабақша ашылды

Шымкент. 28 қараша. ҚазТАГ – 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 107 балабақша ашылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО-да 2014 жылы 107 балабақша ашылды. Оларда 11733 бала бар. Өңірде мектепке дейінгі мекемелер саны артқанымен бала туудың артып отыруы себепті олардың тапшылығы сақталуда», - деп айтқан білім департаментінің басшысы Альбина Елшиеваның сөзін баспасөз қызметі жұма күнгі хабарда келтіреді.
Ондағы мәліметтер бойынша балабақша кезегінде 75309 бала тұрса, олардың басым көпшілігі Шымкентте тұрады – 63305 адам.
Әкімшіліктен атап өткендей, кезекті азайту үшін облыста ондаған балабақша салынуда. Мысалы, республикалық бюджет есебінен 11 нысан құрылысы салынып жатыр және облыс бюджетінің есебінен 12 балабақша салынуда.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ОҚО-да барлығы 815 балабақша бар. Олардың 331-і мемлекеттік. Сондай-ақ өңірде 548 шағын-орталық болса, олардың 468-і мемлекеттік мектеп базасында ашылған.

adimage