Оңтүстік Қазақстанда 405,5 мың шаршы метр баспананы пайдалануға тапсыру жоспарланған

Шымкент. 29 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 405,5 мың шаршы метр баспананы пайдалануға тапсыру жоспарланған, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Қазақстан облысында 405,5 мың шаршы метр баспананы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Олардың ішінде кредиттік тұрғын үйлер – 10,9 мың шаршы метр, жалға берілетін баспана – 5,1 мың шаршы метр, жеке меншік баспана – 318,5 мың шаршы метр, коммерциялық баспана – 31,095 мың шаршы метр, басқа да көздер есебінен – 71 мың шаршы метр», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, биыл 3361 пәтерлік 69 тұрғын үй құрылысына Т5232,8 млрд. бөлініпті. Осы соманың ішінде 984 отбасы баспана алатын 12 үйдің құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 57 үйдің, яғни 2377 пәтер құрылысы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, жыл соңына дейін облыста 43 үйдің құрылысы аяқталды, оларда 3065 пәтер бар. Жоспар бойынша 26 үйдің құрылысы келесі жылға қалады.
Облыс әкімшілігінде түсіндіргендей, Шымкентте халықтың барлық санаты үшін «кредиттік тұрғын үй» бағыты бойынша төрт тоғыз қабатты үй құрылысы жүруде. Олардың жалпы ауданы 27 мың шаршы метр, олардың ішінде 432 пәтерді қарашада тапсыру жоспарлануда.
Жергілікті атқару органдарында кезекте тұрғандарға жалға берілетін баспана бағыты бойынша аймақта жалпы ауданы 14 мың шаршы метр болатын 5 үйдің құрылысы жүруде. Кентауда 60 пәтерлік бір тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Шымкентте тағы 4 үйдің құрылысын аяқтау 2015 жылдың қарашасына жоспарланған.

adimage