Оңтүстік Қазақстанда агро-индустриальдық аймақ пайда болады

Шымкент. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында агро-индустриальдық аймақ пайда болады, деп хабарлады ОҚО облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
«Оңтүстік Қазақстанда агро-индустриальдық аймақ пайда болады. Біз жылыжайлық, бақшалық, көкөніс егетін бағыттағы бірнеше аймақ құру туралы шешім қабылдадық», - деді С. Тұяқбай сәрсенбі күні.
Бұл ретте әкім орынбасары фермерлерге кепіл керектігін айта отырып, оларды технологиялармен, консультативтік қызметпен қамтамасыз ететінін жеткізді.
Агро-индустриальдық аймақтарда агрономдар қызмет жасап, олар жобаларды құрылыс басталысымен жобалық қуатына шыққанша алып баратын болады.
«Қазір фермерлердің өздері шетелге шығып, өздері технологиялар, жабдықтар, тыңайтқыштар, көшеттер іздестіруде. Бірақ олардың ең басты проблемасы - консультативтік қызметтерінің жоқтығында. Ауыл шаруашылығы дегеніміз зауыт емес қой, тұрғызып, іске қоссаң - жұмыс істеп кететін. Ауыл шаруашылығында үнемі алып жүру керек, консултациялар керек, ғылыми көзқараспен келу керек», - деді С. Тұяқбай.
Хабарда айтылғандай, агро-индустриалдық аймақ Шымкент маңында 62 га жерге орналасады.  Орталықтандырылған инфрақұрылымды қамтамасыз етуге Т2,9 млрд бағытталатын болады. Жоспар бойынша жеке меншік инвестиця көлемі Т13 млрд болады. 800-дей адам жұмысқа орналастырылады.

adimage