Оңтүстік Қазақстанда апаттық және үш ауысымдық мектептер проблемасын 2016 жылға дейін шешуді жоспарлауда

Шымкент. 27 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстанда апаттық және үш ауысымдық мектептер проблемасын 2016 жылға дейін шешуді жоспарлауда, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Өңірде апаттық және үш ауысымдық мектептер проблемасын 2016 жылға дейін шешуді жоспарлауда», - деді баспасөз қызметінен бейсенбіде.
Әкімдіктен атап өткендей, өңірде апаттыларының орнына 32 мектептің құрылысы басталған. 2015 жылдың бюджетіне 10 мектептің құрылысын кіргізу жоспарланып отыр; 2015-2016 жж. 6 мектеп құрылысы көзделуде.
Сонымен қатар үш ауысымдық мектептердің проблемасын шешу үшін 2015 жылдың бюджетіне 6 мектеп құрылысын қосу, ал тағы 11 мектептің құрылысын 2015-2016 жж. бюджетіне кіргізу жоспарланып отыр, деп түсіндірді обләкімдіктен.
Атап көрсетілгендей, арнайы комиссия ағымдағы жылы 48 апаттық мектепті анықтаған. Бұдан басқа, сабақтар үш ауысыммен өтетін 21 мектеп белгілі болды.

adimage