Оңтүстік Қазақстанда БЖК-2020 аясында жылына 730 тонна биожем шығарылатын болады

Күні: 18:30, 30-10-2014.

Шымкент. 30 қазан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) «Бизнестің жол картасы -2020» (БЖК – 2020) мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске қосылған «Табиғи өнімдер» кәсіпорыны жылына 730 тонна биологиялық жем шығаратын болады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызетінен.  
«Өңірде (ОҚО) «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске қосылған «Табиғи өнімдер» кәсіпорны жылына 730 тонна биологиялық жем шығаратын болады. Елде бұл кәсіпорынның баламасының жоғын айта кеткен жөн», - деді бейсенбіде облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, биологиялық жемді өсіру технологиясы да өте қарапайым. 7 күн ішінде жаңадан көктеген өсімдіктерді оттегімен байытылған сумен жіті суару керек. Осы уақыт ішінде өсімдіктер дамып-жетіліп, олардың бойы 20-25 см болады.  
«1 кг тұқымнан 7 кг биожем алуға болады. Мысалы, егіс алаңының 170 шаршы метрінен кәсіпкерлер 2 тонна дайын өнім алады», - деді кәсіпорын директоры Мұзафар Ырысметов, ол сондай-ақ дайын өнімнің шөп пен басқа да жемдерге белсенді биоынталандырушы ретінде қосылатынын айтты.  
Сонымен қатар, мамандар биожемнің малдың салмағын - 30%, сүттің көлемін - 20% көбейтуге мүмкіндік беретінін айтты.
«Міне, сондықтан кәсіпорын қызметкерлері олардың идеялары көптеген фермерлердің қызығушылығын тудырады деп үміттеніп отыр», - деді М. Ырысметов.


Жаңалықтармен бөлісу: