Оңтүстік Қазақстанда ҮИИД мембағдарламасы бойынша 22 жобаны іске қосудың арқасында 1,6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Шымкент. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында 2014 жылы үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында (ҮИИД) 22 жоба ашылды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Биыл Сайрам ауданында ҮИИД аясында 22 жоба ашылды. Соның арқасында 1622 жұмыс орны ашылды», - деп айтқан аудан әкімі Уәлихан Қайназаровтың сөзін баспасөз қызметі келтіреді.
Іске асырылған жобалар арасында – қуаты 1 МВт болатын күн электр стансасын іске қосылды, оны «Ақсу энергео» ЖШС Т300 млн сомаға салды. Одан басқа, Т200 млн ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға бағытталады. Жүргізілген жұмыстардан соң зауыт жылына 3 млн банкі өнім шығара алады.
Сондай-ақ индустриалдау картасына биыл Green Land корпорациясының өндірістік қарқынды бақ егу жөніндегі жобасы енгізілді. Жоба іске қосылды, кәсіпкерлер 4 мың тоннадай өнім жинамақшы. Зауытты іске қосуға Т2485 млн қаражат жаратылды. Одан басқа, У. Қайназаров биыл Сайрам ауданында  шағын және орта бизнестің 176 нысаны ашылғанын хабарлады.  

adimage