Оңтүстік Қазақстанда іскерлік туризмі дамитын болады

Шымкент. 26 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында іскерлік туризм дамитын болады, деп мәлім етті ОҚО әкім орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
«ОҚО-да іскерлік туризм дамиды. Біздің жоспарымызда арнайы ұйым құру бар. Ол облысымызға бизнесмендерді тартып, экономикалық шаралар өткізіп тұрады. Бізде ол үшін барлық жағдайлар бар», - деді ол халықаралық туристік форум өткізу барысында.  
С. Тұяқбаев атап кеткендей, Шымкентте қазірдің өзінде экспо-орталық, конгресс-орталық ашылды және жақында осындай тағы бірнеше орталықтар ашылмақ. Оларда ірі халықаралық шаралар өткізуге барлық жағдайлар жасалған. ОҚО-да іскерлік туризм кең дамитын болады, деп сенеді әкім орынбасары, себебі Оңтүстік Қазақстан облысына келетін туристердің 15%-ы шетелдік туристер екен.

adimage