Оңтүстік Қазақстанда колледждің ең үздік мұғалімін таңдады

Күні: 19:32, 24-10-2014.

Шымкент. 24 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында колледждің ең үздік мұғалімін таңдады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Қазақстан облысында колледждің ең үздік мұғалімін таңдады. Жыл сайынғы конкурс биыл 10-шы рет өткізіліп, оған 24 колледж өкілдері қатысты», - деді баспасөз қызметінен.
Бірінші орында Көксаяқ аулындағы №9-шы колледж педагогтары мен Шардарадағы №16-шы колледж педагогтары алды. Екінші орын Кентау, Сайрам, Атакент оқу орындарының педагогтарына бұйырды. Үшінші орынды Шымкент, Ленгер, Арыс және Қарабұлақ мұғалімдері бөлісті. Ал гран-при Түркістанның №21-ші колледж мұғалимасы Ильвира Мұратбековаға бұйырды. Сыйлық ретінде ол біліктілігін көтеру курсынан өтеді.
Мұғалімдер конкурстың бірнеше кезеңінен өтуілері тиіс еді. Алдымен өздерін лайықты таныстырып, төрешілердің сауалдарына жауап беріп, музыкалық номер көрсетулері тиіс болатын.
Мұғалімдер осы конкурсқа деп өздері дайындаған бұйымдарды төрелер бағалап болғанша мұғалімдердің дегбірлері таусылар болды. Колледж дайындайтын мамандықтарға қарай конкурсқа аспаздық тағамдар, ағаш бұйымдары, студенттер тіккен киім үлгілері мен тағы басқалар қойылды.


Жаңалықтармен бөлісу: