Оңтүстік Қазақстанда «KZ-EURO-PL» пилоттық бағдарламасының аясында алма бақтары салынады

Шымкент. 30 маусым. ҚазТАГ  Оңтүстік Қазақстан облысында «KZ-EURO-PL» пилоттық бағдарламасының аясында алма бақтары салынады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«ОҚО-да «KZ-EURO-PL» пилоттық бағдарламасының аясында алма бақтары салынады. Түлкібас ауданының Әкімі Қайрат Абдуәлиев «KZ-EURO-PL: Агробақтар» агралық компаниялар Консорциумымен Түлкібас ауданы аумағында өнімді алма бақтарын құру туралы Меморандумға қол қойды. Бұл жобаны іске асыру бойынша жауапкершілік Польшаның ARNO компаниясына жүктелді», - деп хабардар етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.
Сөйтіп, Түлкібас ауданының аумағында жеміс-жидек сақтайтын логистикалық орталық салу жоспарланып отыр. Ондай орталықтар қосымша жұмыс орындарын ашып, осы өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға септігін тигізбек.
Баспасөз қызметі «KZ-EURO-PL» бұл  сауда-экономикалық байланыстарды нығайту үшін Қазақстан мен Польша тарапынан құрылған еуразиялық палата екенін түсіндірді. Палатаның құрамына көлікқұрастыру, аграрлық өнеркәсіп, энергетика саласының ірі кәсіпорындары, құрылыс саласының көшбасшы компаниясы кірген. Бұл бағдарламаны іске асыру екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтумен қатарҚазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы өндірісті арттыруға септігін тигізбек.
«KZ-EURO-PL» пилоттық бағдарламасын тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, сонымен қатар Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарында және Астана қаласында жүзеге асыратын болады.

adimage