Оңтүстік Қазақстанда палау фестивалінде Шымкенттік отбасы ең үздік деп танылды

Күні: 09:34, 28-10-2014.

Шымкент. 27 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында палау фестивалінде Ләзіз  Ғаниев бастаған Шымкенттік отбасы ең үздік деп танылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Бейбітшілік және келісім жол картасының аясында өткен палау фестивалінде Шымкенттік Ғаниевтер отбасы ең үздік деп танылды. Ұзаққа созылған кеңестен соң әділ қазылар алқасы ең дәмді палау Шымкенттік тұрғын Ләзіз  Ғаниевтің палауы деген шешімге келді. Ол осы фестивальге үшінші рет қатысып отыр, бірақ бірінші рет жеңді», - деді облыстық әкімшіліктен дүйсенбі күні.
Шараны ұйымлдастырушылар атап өткендей, жыл сайын фестивальге қатысқысы келетіндер саны артып келеді. Егер бірінші жылы оған 17 адам қатысқан болса, 4 жыл өткенде оған қатысқысы келетіндердің саны 28 адамға дейін жетті.
Облыстық өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжановтың айтуынша, фестивальге қатысушылар арасында өзбекстанның екі өкілі болған, ал қалғандары Оңтүстік Қазақстан өкілдері екен.
«Әр қайсысы өздерінің палауларын ерекше дәмді етуге тырысты: баз біреулер ол үшін айваны пайдаланса, біреулерінде сәбіздің екі түрі болды, біреулер әр түрлі дәмдеуіштер қолданса, біреулер лимон пайдаланыпты», - деді И. Хашимжанов.


Жаңалықтармен бөлісу: