Оңтүстік Қазақстанда суармалы жер ауданы 2760 га-ға дейін ұлғайды

Күні: 12:45, 12-11-2014.

Шымкент. 12 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында суармалы жер ауданы 2760 га-ға дейін ұлғайды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО Қазығұрт ауданында суармалы жер ауданы 2760 га-ға дейін ұлғайды. Ол жоспар 100% орындалды. Одан басқа, ауданда тамшылап суғару әдісі табысты енгізілуде. Мысалы, биыл ол әдіс 354,6 га жерге енгізілді, жыл соңына дейін ондай әдіспен тағы 159 га жер суғарылады», - деді сәрсенбі күні баспасөз қызметінен.
Одан басқа, ауданда жылыжай шаруашылығы қарқынмен дамып келеді. Мысалы, жылыжайлардың жалпы ауданы 73,2 га. Оларда өсірілген барлық өнім Шымкент, Алматы мен Астана базарларында сатылуда. Дәнді дақылдар жиналған соң, астық өнімділігі гектарынан 17,2 центнерден келді. Ауданда барлығы 70 мың тоннадай астық жиналды.
Сондай-ақ баспасөз қызметі ауданда «Сыбаға» бағдарламасы табыспен іске асырылып жатқанын атап өтті. «Фермерлер 3378 бас мал сатып алды. Ауданда 56 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді, оларда 7200 бас ІҚМ бордақылануда. Қазығұрт ауданының 12 аулында қолдан ұрықтандрудың 27 қосыны салынған», - деді әкімшіліктен.


Жаңалықтармен бөлісу: