Оңтүстік Қазақстанда тұрақтандыру қорын құруға Т1,2 млрд бағытталады

Шымкент. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Тұрақтандыру қорын құру үшін Оңтүстік Қазақстан облысының билігі Т1,2 млрд бағыттады, деп хабарлады «Шымкент ӘКК» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Алпысбаев.
«ОҚО тұрақтандыру қорын құру үшін 1,2 млрд теңге бөлінген. Облыс тұрғындарына биыл өткен жылдардағыдай төменгі сапалы азық-түлікті сатып алуға тура келмейді», - деді Т. Алпысбаев дүйсенбі күні агенттікке.
Оның айтуынша, тұрақтандыру қорының азық-түліктері базарларға үш кезеңдеп түсетін болады. Біріншісі желтоқсанның басында басталады, екіншісі – ақпанда, үшіншісі – көктемде, бірақ егер қажеттілік туса, онда азық-түліктер қосымша әкелінеді.
Сөйтіп, 4500 тонна картоп жеткізуге келісім жасалған.
«Алайда, жергілікті шаруалардан тек 500 тонна сатып алынған, себебі біздің картоп қыс бойы сақталып тұра алмайды. Картоптың қалған бөлігін Павлодар мен Қарағанды облысынан тасиды», - деп жалғастырды ол.
Бұдан басқа, қысқа 1200 тонна пияз сатып алу жоспарланған, ол ОҚО Ордабасы ауданы мен Жамбыл облысынан әкелінеді.
Тұраққорға 400 тонна күрішті ОҚО Шардара ауданы мен Қызылордадан тасиды. 200 мың литр күнбағыс майы Шығыс Қазақстан облысынан сатып алынады. Шекерді қазірдің өзінде Орта Азиялық корпорациядан әкеле бастады, барлығы 2400 тонна сатып алу көзделген.
«Макаронды түркістандық компаниядан сатып алу, ал қарақұмықты болса Алтай аймағынан жеткізу ұйғарылды», - деп атап өтті Т. Алпысбаев.
Одан бөлек, тұрақтандыру қорына 300 тонна сәбіз бен 10 мың тонна бірінші сұрыпты ұн сатып алынатын болады.

adimage