Оңтүстік Қазақстанда Т90,9 млрд болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірді

Шымкент. 29 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) Т90,9 млрд болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірді, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Қазақстан облысында Т90,9 млрд болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірді. Биыл осы саланы қолдауға қаржыландыру 1,2 есеге артты. Егістік алқабының ауданы 6 мың гектарға артып, қазір ауданы 785 мың гекатарға дейін ұлғайды», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен. Хабарда айтылғандай, Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлы өңірлеріндегі қарқынды бағбандықпен айналысатын шаруашылықтар толығымен қажет көшеттермен қамтамасыз етілген. Ауылды жерлердегі елді мекен тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жемісті ету үшін ауыл тұрғындарын үйлерінің аумағындағы жер телімдерін сауатты пайдалану жөнінде үйрету жұмыстары жүргізілді.
ОҚО-да үй жанындағы жерлердің ауданы, барлығы, 66,4 мың гектар, және олардың 25,6 мың гектарына әр түрлі құрылыс салынған, 38 мың гектар егістікке берілген. Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 2,8 мың гекатар жер игерілмей жатыр. Хабарда айтылғандай, аймақта үй жанындағы жерлерді сауатты пайдаланудың үш жылдық шаралар жоспары дайылдалған. Ол жерлерді сауатты пайдалануды ынталандыру үшін өңірлік инвестициялық «Максимум» орталығы арқылы 6%-дық кредит беріледі.
Баспасөз қызметінен атап өткендей, өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту үшін тамшылап суғару әдісі енгізіледі. Егер бұрын ол 7,5 мың гекатарға енгізілсе, қазір оның ауданы 41,4 мың гекатар. Жыл соңына дейін ондай жерлердің көлемін 44 мың гектарға дейін арттыру жоспарлануда. Ол республикалық көрсеткіштің 73,8%-ын құрайды. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, өңірдегі жылыжай саны да артты. Мысалы, олардың ауданы қазір 95,2 гектарға жетті. Олардың жер көлемі 1000 гектарға жеткенде, жылыжайлардың жалпы ауданы республикалық көрсеткіштің 87%-ын құрайды деп айтуға болады және жыл соңына дейін жылыжайлардың жалпы ауданы 102 гектарға дейін артады.

adimage