Оңтүстік Қазақстанда трассаларды қардан тазартуға арналған коммуналдық кәсіпорын ашылды

Күні: 10:55, 28-10-2014.

Шымкент. 25 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) трассаларды қардан тазартуға арналған коммуналдық кәсіпорын ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
«ОҚО-да трассаларды қардан тазартатын мекеме ашылды. «Оңтүстік жолдары» коммуналдық кәсіпорын респбликалық, облыстық және аудандық мәндегі жолдарды қысқы маусымда тазартып тұрады», - деді баспасөз қызметінен.
Қараша айының ортасында кәсіпорын 20 арнайы техника алады. Оларды Оңтүстік Қазақстанның аудандары мен қалалары бойынша бөледі. Еске салсақ, шымкенттік «ЛТД Тұрмыс» кәсіпорны қала көшелерін қысы-жазы тазалап тұру үшін жаңа 20 техника алды.


Жаңалықтармен бөлісу: