Оңтүстік Қазақстандағы этнотуризмді дамытуға халық шеберлері көмектеседі

Шымкент. 28 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстандағы этнотуризмді дамытуға халық шеберлері көмектеседі, деп мәлім етті ОҚО кәсіпкерлік, индустриалдық-инновациялық даму және туризм басқармасының бастығы Бауыржан Омарбеков.
«Оңтүстік Қазақстандағы этнотуризмді дамытуға халық шеберлері көмектеседі. Оңтүстік Қазақстан облысында олар өте көп. Бүгін біз олардың шеберлігін таныту үшін «Әсем Оңтүстік» атты көрме өткіздік», - деді Б.Омарбеков.
«Әсем Оңтүстік» атты көрмеге Оңтүстік Қазақстанның барлық өңірінен 30 қолөнер шеберлері қатысты. Олар қолдан жасалған қазақтың музыкалық аспаптарын, ағаш шахматтарын, кілемдерді, суреттерін, ұлттық әшекейлерін, құмыралар мен ыдыс –аяқтарын әкелді.
«Мен бала күнімде қыш бұйымдар жасап үйренгем. Маған оны әкем үйретті. Бұрын ол менің бос уақыттағы ермегім еді, енді ол менің кәсібіме айналды. Көрмеге мен құмыра әкелдім. Бір аптада істеп бітіріп, акрилмен боядым. Бұл жердегі әр оюдың өз мағанасы бар екенін айтқым келеді», - дейді көрмеге қатысушы Ұлбосын Рысбаева.
Көрмеге келуішлер халық шеберлері дайындаған бұйымдарды тамашалап қана қоймай, олардың қалай жасалатынын да көздерімен көріп, шеберлерден үйрене алды. Көрмеге келушілер өздерінің шеберліктерінің қыр-сыры туралы ой бөлісіп отырды. Олар кілем тоқудың, киізбен жұмыс істеудің, балшықпен және басқа заттармен жұмыс істеудің қыр-сырымен танысты.  
«Жастар әрине қол өнері жұмыстармен қызығады. Біз барлық дәстүрді сақтау, жас буынға мұра етіп қалдыру үшін оларды жан-тәнімізбен үйретуге дайынбыз», - деді ҚР қол өнер шеберлері одағының мүшесі Күләш Айдарбекова.
«Әсем Оңтүстік» көрмесін ұйымдастырушылар осы әдіспен жастарда отанға, туған жерге, тарихқа және бабалар дәстүріне деген сүйіспеншілік оятамыз деп сенеді. Ол аз десеңіз, көрмені ұйымдастырушылар этнотуризмді дамыту үшін өңірде барлық алғышарттар бар деп сенеді. Халық шеберлерінің қол өнер бұйымдарын шетелдік туристер қуана-қуана өздерімен алып кетеді.

adimage