Оңтүстік Қазақстандағы тағы 11 ауылға қарашада газ кіреді

Күні: 21:08, 29-10-2014.

Шымкент. 29 қазан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы 11 ауылға қарашада газ кіреді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«Төле би ауданындағы 11 ауылға қарашада газ кіреді. Бұл туралы брифингте Төле би ауданының әкімі Әуелхан Тұрғұмбеков мәлімдеді. Аталмыш газ құбырларының құрылысы облыс бюджетіне 1 млрд 263 млн теңгеге шыққан», - деп хабарлады сәрсенбіде баспасөз қызметінен.
Газ құбырына қосылғаннан кейін ауданның газбен қамтылуы   70% құрайды, 80541 тұрғын көгілдір отынды пайдаланатын болады.  
Келесі жылы Көксайек, Қазақстан және Жіңішке ауылдарына газ жүргізу жоспарланған. Ал 2017 жылы жергілікті әкімдік ақпарынша, Төле би ауданының барлық елді-мекені газ қолданатын болады.  
ОҚО әкімдігінде еске салғандай, бұған дейін тек «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ғана үйлерге газ жүргізетін. Ол өз қызметіне Т115-120 мың алып отырған. Кейін аудандық және облыстық әкімдіктің араласуымен бұл қызметті монополист қана емес, лицензиялары бар басқа да мекемелер кіргізе алатын болды.  


Жаңалықтармен бөлісу: