Оңтүстік Қазақстанда жаңа застава ашылды

Күні: 12:40, 21-10-2014.

Шымкент. 21 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жаңа «Дархан» атты шекара заставасы ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.
әкімшілік сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, салтанатты шараға Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков бастаған сенаторлар, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен. Аталған шара барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Жоламанов бұл оқиға шекараны жайластыру бойынша жүргізіліп жатқан кең көлемдегі бағдарламаның жарқын бір көрінісі екендігін атап өтті. Сенатор Мұхтар Алтынбаев застава бастығына әскери бөлімшенің символикалық кілтін тапсырды. - «Дархан» заставасы және басқа да нысандар қазіргі заман талаптарына сәйкес тұрғызылды, онда шекара сақшылары үшін барлық жағдай жасалынған, - деп атап өтті Мұхтар Алтынбаев. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов өз кезегінде шекараны дамыту мен нығайту бойынша толыққанды жұмыстардың жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Соңғы бір жылдың ішінде шекара бойында әртүрлі 20 инфрақұрылым пайдалануға берілді, 26 нысан бастан-аяқ толық жөндеуден өткізілді. Шамамен 1000-ға жуық әскери қызметшілер тұрғын жаймен қамтамасыз етілді.


Жаңалықтармен бөлісу: