Оңтүстік Қазақстанда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті

Күні: 19:56, 15-11-2014.

Шымкент. 15 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөсз қызметінен.
«Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 2 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Егер нақтырақ айтсақ, қалалық жұмыспен қамтамасыз ету орталығының мәліметтерінше, 1941 жас маман уақытша жұмыс тапты, ал жоспар бойынша мың адамға жұмыс тауып беру жоспарланған», - деді әкімшілік баспасөз қызметінен.  
Облыс әкімшілігінен нақтылап айтқандай, мембағдарламаға қатысушылардың барлығының ішінен 750 адам тұрақты жұмыс тапты, бұл ретте олардың арасында мүмкіндігі шектеулілер де бар.
«Бұл бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 197,9 млн теңге бөлініп, оның 158,8 млн сомасы игерілді. Алты айлық тәжірибеден өту туралы меморандум 375 мекемемен жасалды», - деді баспасөз қызметінен.  
Жұмыспен қамту орталығында «Жастар тәжірибесі» мембағдарламасын жұмыссыздықты төмендетудің жақсы әдісі деп есептейді.


Жаңалықтармен бөлісу: