Шымкент. 1 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік қазақстандықтардың 35% -нан астамы өлген соң өз органдарын беруге дайын, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
«Сұрастырылған оңтүстік қазақстандықтардың 36,7%-ы өлген соң өзінің органдарын басқаларға беруге дайын. ОҚО-да жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі осындай. Оңтүстік өңір халқының донорлыққа көзқарасы жыл сайын өзгеріп келе жатқанын айта кету керек», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, дәрігерлер мен қоғамдық белсенділер өңірде кең ауқымды акция жүргізіп, азаматтарға донорлықты дамыту керектігін түсіндіріп, адамдардан, олар қайтыс болған соң, органдарын басқа мұқтаждарға беруге дайын ба деп сұрастырыпты. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, елімізде қайтыс болғандардың донорлығы бар екен.
«Бізде келісім презумпциясы бар. Адамның қаза болғандығын клиникалық растаған соң, оның екі туысы қаза болған адамнан орган алуға жазбаша рұқсат беруі керек. Егер дәрігерлер консилиумы адам миының өлгенін 100% растаған соң ғана, ол адам өлген соң донор бола алады», - деді Шымкенттің ЖМЖА бас дәрігері Мәди Бегалиев.
Шымкенттің ЖМЖА базасында дәрігерлер 31 донорлық бүйрек алмастырыпты, ал жыл соңына қарай донорлық бауыр алмастыру отасын жасамақшы.
Қазақстанда қазір 3 мыңнан астам ауру бүйрегін алмастыруды қажет етсе, 1 мың адамға донорлық бауыр қажет және 400 адам жүрегін алмастыруға мұқтаж.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Германия президентін Бірлік күнімен құттықтады
3 Қазан 2024, 16:41 -
Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын өзгертпек
3 Қазан 2024, 16:26 -
Тоқаев әкімді аңдитын блогерлерді сынға алды
3 Қазан 2024, 16:19