Оңтүстік қазақстандық тоқыма фабрикасы EXPO-2017 дайындығы мен өткізілуіне қатысуға дайын

Шымкент. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы «South textiline kz» фабрикасы  Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесінің өткізілуі мен дайындығына қатысуға дайын, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Хабарда айтылғандай, оңтүстік қазақстандық тоқыма фабрикасының өнімі бәсекеге қабілетті, себебі кәсіпорын Бельгиядан, Германия мен Швейцариядан әкелінген заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Төсек жабдығы, түкті сүлгілер, халаттар, орамалдар және компаниядан шығатын басқа да өнімдер сапасы жөнінен шетелдегі тауардан кем түспейді. Жыл сайын компания өндірілген өнімнің 80%-дан астамын ТМД, Балтық және Батыс Еуропа елдеріне экспорттайды. Өнімнің бір бөлігі Қазақстан нарығына шығарылады.  

Фирма директоры Гүлнәр Садықбекова EXPO-2017 көрмесін тапсырыспен қамтамасыз етуге көмектесу туралы Оңтүстік Қазақтан облысы кәсіпкерлік палатасының директоры Асқар Әубәкіровтің кәсіпорынға келген сапарында өтініш жасаған еді.  

Фирма директоры атап өткендей, тоқымашылардың арасындағы бәсеке туралы әңгіме болмау керек – себебі тапсырыс көлемі өте үлкен болмақ.  

Ең бастысы - отандық кәсіпкерлердің үлкен масштабтағы шарадан тыс қалмауы. Себебі оған қатысу деген – салық кепілдігі, зейнетақы төлемдері, жаңа жұмыс орындары, ал бұл экономикалық дағдарыс жағдайында өте маңызды.  Оның үстіне бұл жергілікті өндірушілердің өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттелігін арттырады.  

EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Шараға әлемнің 100-ден астам елі, көрмеге 5 млн-дай қатысушы, шамамен 2 млн.  келуші болады деп күтілуде.  


adimage