Оңтүстік Қазақстанның аулында 150 орындық балабақша ашылды

Шымкент. 17 қараша. ҚазТАГ – ОҚО Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында «Балапан» бағдарламасы аясында 150 орындық жаңа балабақша ашылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімінің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, заман талабына сай жабдықталған балабақша құрылысына 36 млн қаржы жұмсалған. Мектеп жасына дейінгі бұл ұйымда 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримов қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Салтанатты шарада жиналған қауым тәрбиеленушілердің концерттік бағдарламаларын тамашалады. Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылында осымен тоғызыншы балабақша ел игілігіне беріліп отыр.

adimage