Оңтүстік Корея төрт жартылайөткізгіш зауыт құрылысына $107 млрд инвестициялауды жоспарлап отыр

Алматы. 21 ақпан. ҚазТАГ - Оңтүстік Корея 2022 жылдан бастап 2032 жыл аралығында төрт жартылайөткізгіш зауыт құрылысына $107 млрд инвестициялауды жоспарлап отыр, деп хабарлады Reuters.
«Оңтүстік кореялық SK Hynix Inc елдегі жаңа кластерлік кәсіпорында 2022 жылдан бастап төрт жартылайөткізгіш зауытының құрылысына 120 трлн вон ($106,66 млрд) инвестициялауды жоспарлауда», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, бастама туралы инвестициялық мәлімдеме мақұлданғаннан кейін 50-ден астам шетелдік және оңтүстік кореялық жеткізушілер Сеулдің оңтүстігінен 40 шақырым жердегі Йонъин жаңа алаңына қосылады.
Хабарда атап өтілгендей, инвестициялық кезең 2022 жылдан кейін басталады және кем дегенде 10 жылға жалғасады, алайда жобаның жалпы стратегиясы нарықтағы жалпы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Жаңа фабрикалар келесі ұрпақ үшін жады мен DRAM өндірісіне арналған.

adimage