Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткені үшін 2,5 жылға сотталған қазақстандық Сырым Шәрібек апелляциялық шағым берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ол өз құқығын пайдаланып, апелляциялық шағым берді», - деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров дүйсенбіде.
Оның айтуынша, қазақстандықтың қорғаушысы барлық құжатын әзірлеген, сөйтіп олар үкімді қайта қарауға апелляциялық шағым берген.
Еске салсақ, 2019 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстаннан барған 20 жасар еңбек мигранты Оңтүстік Кореяда баланы қағып, ЖКО орнынан жасырынған еді. Кейін оны Павлодардан тапты, сосын ол өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды.
21 қазанда ҚР СІМ Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен Қазақстандыққа бес жылға бас бостандығына айырылу қаупі төніп тұрғандығын хабарлаған болатын.
Өз кезегінде ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі нақтылағандай, қазақстандық Сырым Шәрібековтың үкімі 10 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласы сотының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша шығарылған.
Қазақстандықтың қорғаушысы Чой Хак Се үкімді әділ емес деп санайды. Ол сотта баланың жолды өтуге болмайтын жерден кесіп өтіп бара жатқаны дәлелденді дейді. Одан бөлек, сотталушы, баланы қағып кеткеннен кейін тоқтап, оған медициналық көмек көрсетіліп жатқанына көзі жеткесін ғана кетіп қалды дейді. Сонымен қатар адвокат қорғалушысының Қазақстанның құқыққорғау органдарына өз еркімен берілгенін атап өтті.
Хабарда атап өтілгендей, баланың ата-анасы сотталушыны кешірмеген. Олардың айтуынша, зардап шегушінің еміне 60 млн воннан астам қаржы жұмсалған, бұл $50,5 мыңнан астам.
Сонымен қатар, баланың әкесі мен анасы балаларына қарау үшін жұмыстарын да қойған.
Адвокаттың ақпарынша, айыпталушы тарап сот шешімін апелляцияға бермек. Апелляциядан бас тартылған жағдайда жазасын өтеу мерзімі 2019 жылдың 14 қазанынан бастап есептеледі, яғни оның Корея Республикасына барған сәтінен бастап. Қазіргі таңда Шәрібек Чангвон қаласының түрмесінде жазасын өтеуде.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26