Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар бірден 11 медаль жеңіп алды

   Астана.9 маусым.ҚазТАГ- Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар бірден 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.
   "Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасы Йечхонда (Оңтүстік Корея) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы ойынды аяқтады. Біздің спортшылар турнирде 11 медаль жеңіп алды", - делінген жұма күнгі хабарламада.
  Валерия Сафонова (үш қарғып секіру), Ақбілек Құралбай (3000 метр кедергілермен), Ақбаян Нұрмамет (800 және 1500 метр), әйелдер эстафеталық командасы (400 метрден төртеуі) күміспен марапатталды.
   Сондай-ақ команда қоржынында алты қола медаль бар. Атап айтқанда Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), Ясмина Тоқсанбаева (10000 метрге жүгіру), Айна Болатбекқызы (3000 метр), Кристина Ермола (100 метрге кедергімен жүгіру), Виктория Поправкина (үш қарғып секіру), Анастасия Колода (400 метрге кедергілермен жүгіруден) алды.

adimage