Оқу жылы басталғалы COVID-19 дертін Нұр-Сұлтанда 18 оқушы жұқтырды

Күні: 19:01, 23-10-2020.

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Оқу жылы басталғалы COVID-19 дертін Нұр-Сұлтанда 18 оқушы жұқтырды, деп хабарлады елорда әкімдігінен.
«Мектептердегі эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда. Оқу жылының басынан бастап COVID-19 вирусы 18 баладан анықталды», - деді жұма күні елордалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.
Хабарда нақтыланғандай, оның 14-і қашықтан оқиды, төрт бала кезекші сыныпқа барады.
«Біздің науқас балаларымыз оқыған кезекші сыныптардағы оқыту режимі қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері сыныптарда дезинфекция жүргізді. Карантин режимінің мерзімі аяқталғаннан соң, 14 күннен кейін сыныптар бұрынғы әдіске ауысады. Бұл мәселе білім басқармасының ерекше бақылауында», – деді басқарма басшысы.
Хабарда атап өтілгендей, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру мекемелерінде 3011 кезекші сынып жұмыс істейді, онда 40 400 бала оқиды.


Жаңалықтармен бөлісу: