Қоңырат кенішінің қалдықтарынан катодтық мыс өндірісін жылына 15 мың тоннаға дейін жеткізеді

Қарағанды. 31 шілде. ҚазТАГ – Қоңырат кенішінің қалдықтарынан катодтық мыс өндірісін жылына 10 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін жеткізеді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
«2012 жылы Балқашта индустриалдау картасы аясында жылына 10 мың тонна катодтық мыс өндіретін ескі зауыт іске қосылғанды. Жобаға 7,3 млрд теңге салынған, оның ішінде шетелдік (Ұлыбритания) инвестиция да салынған. Кәсіпорында 145 жұмыс орны ашылды. Зауыт табысты жұмыс жасауда, жобалық қуатына зауыт іске қосылған жылы-ақ шықты. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспар 15%-ға артығымен орындалды», - делінген хабарда.
Одан басқа, ағымдағы жылдың шілдесінде «Медная компания Коунрад» ЖШС зауыттың өндірістік қуатын жылына 15 мың тонна мыс өндіретіндей жобасын іске қосты.
Түсіндірілгендей, өндірістік қуатты арттыру кәсіпорынды кеңейту есебінен және техногендік минералдық қалдықтарды қайта өңдеуде инновациялық технологияларды пайдалану есебінен қол жеткізілді. Бұл технология дәстүрлі технологяидан 2-3 есеге арзан. Осы технологияны енгізу Қазақстан үшін өзекті мәселе, себебі ол қазір қалдықтардан мыс өндіруге мүмкіндік береді.  
Аталған үдеріс тек экономикалық тұрғыдан тиімді ғана емес, сонымен қатар экологиялық таза, себебі тұйық цикл болып табылады. Осы жобаны іске асыру аясында қоршаған ортаны қорғауға үлкен назар аударылады. Жұмыстарды жүргізу ауданында ауа, топырақ, жер асты суларына, флора мен фауна  экологиясына үнемі мониторингі жүргізіліп отырады.
Алаңда зертханасы, шеберханасы, кеңсесі мен барлық қосалқы қызметтері бар инфрақұрылым жасалған. Жоба құны Т1,9 млрд. Жобаны іске асыру кәсіпорында 16 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
«Аталған зауытты іске қосу және кеңейту елбасының отандық металлургияны дамыту туралы нақты тапсырмасын іске асыру нәтижесінде болды. Қазіргі уақытқа негізгі өнім – катодтық мысты сатуға тұрақты және ұзақ мерзімдік келісімшарттар бар», - деді әкімшіліктен.

adimage