ОКҚ басшысы мен Қазақстан президенті әкімшілігінің екі бөлімінің меңгерушілері тағайындалды

Астана. 22 шілде. ҚазТАГ – «Орталық коммуникация қызметі» РМБ директоры мен Қазақстан президенті әкімшілігінің екі бөлімінің меңгерушілері тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі мемлекет басшысының жарлығында. 
Басқа жарлықпен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;
«Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», - делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Қалиев 2014-2019 жылдары ОАР Қзаақстан елшісі, 2009-2012 жылдары сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси талдау және жоспарлау комитетінің төрағасы, оның алдында 2009 жылы сыртқы істер министрінің көмекшісі болған.
Бұршақов 2019 жылдың сәуірінен бастап ПӘ сыртқы саясат орталығын басқарған, 2018 жылдан бастап СІМ халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, оған дейін сенаттың парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі болған.
Құлсеитов 2017 жылдан бастап ПӘ стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығын басқарған, 2014-2017 жылдар аралығында «Қазақстанның индустриялық даму институты» АҚ басқармасының төрағасы, одан бұрын 2012-2014 жылдары «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарған.

adimage