ОКҚ экс-басшысы СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлады СҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
«СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Руслан Қанатханұлы Әлiшев Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып тағайындалды. (…) Мадияр Қожахмет басқа жұмысқа ауысуына байланысты СҚО әкiмi орынбасары қызметiнен босатылды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Әлішев 2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң «Орталық коммуникациялар қызметiнiң» басшысы болып жұмыс iстедi. 2013-2018 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетi Электрондық БАҚ басқармасының басшысы, «Нұр Отан» орталық аппараты Саяси жұмыстар департаментiнiң директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат комитетi төрағасының орынбасары болған.

adimage