Қолайсыз ауа райы салдарынан Атырау әуежайында көптеген ұшу уақыттары ауыстырылды

Атырау. 18 сәуір. ҚазТАГ – Қолайсыз ауа райы салдарынан Атырау әуежайында көптеген ұшу уақыттары ауыстырылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қолайсыз ауа райы салдарынан Атырау әуежайындағы рейстер уақытша тоқтатылды. Атырау-Амстердам рейсінің ұшу уақыты ауыстырылды. Рейс сағат 4.55-те ұшуы керек болатын, ол 19.05-ке ауыстырылған. Алматы-Атырау әуе хабарламасының борты Ақтөбеге қондырылды», - деп хабарлады бейсенбіде Атырау әуежайының диспетчерлік қызметінен.
Сонымен қатар, Атырау–Астана рейсі 14.20-дан 23.55-ке ауыстырылған. Сондай-ақ, Орал рейсі ауыстырылған. Жалғыз рейс Атырау-Теңгізге ұшырылды.
17 сәуірден бастап Атырау облысында нөсер жаңбыр, қар жауу жалғасуда.

adimage