Қолайсыз ауа райы салдарынан Эйр Астана рейсі кешіктірілуде

Күні: 13:17, 06-02-2019.

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қолайсыз ауа райы салдарынан "Эйр Астана" әуекомпаниясының рейсі кешіктірілуде, деп хабарлады сәрсенбіде азаматтық авиация комитетінен (ААК).
Астанадан ұшатын "Эйр Астана" әуекомпаниясының барлық рейстері ұшу жолағын мұз қатуға қарсы сұйықтықпен сапалы өңдеуге қолайлы ауа райы жағдайын күтуге байланысты сағат 23.30-ға дейін кешіктірілуде», - деп хабарлады Facebook-тегі өз аккаунтында ААК.
Азаматтық авиация комитетінің ақпарныша, Астанада сәрсенбіде әуежай маңындағы желдің жылдамдығы секундына 15 метрді құрап отыр, екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Бұған дейін Алматы мен Бішкекте қалың қар салдарынан әуерейсі кешіктіріліп жатқаны хабарланған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: