Қолданыстағы валюта дәлізі әлемдік экономикадағы барлық өзгерістерді ескереді - Келімбетов

Күні: 16:37, 21-10-2014.

Астана. 21 қазан. КазТАГ - Жанболат Мамышев.Қолданыстағы валюта дәлізі әлемдік экономикадағы барлық өзгерістерді ескереді, деп санайды ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.  
«Қазір барлығын екі фактор алаңдатып отыр. Ол яғни мұнайдың Brent қоспалы баррелінің 80 долларға дейін төмендеуі  және ресей рублінің (1 АҚШ долларына - ҚазТАГ) 41 рубльге дейін әлсіреуі. Және бұл да шегі емес деп мәлімдейді Ресейдегі экономистер. Біз бұл алаңдаушылық тудыратын себеп деп санаймыз, десек те бұл ақпанда қабылдаған шешімге қандай да бір әсер етердей дағдарыс жағдайы  болып табылмайды.  Біз 170-180 (бір  доллардағы теңге - ҚазТАГ)  валюта дәлізі тепе-теңдік дәлізі болып табылады, ол әлемде болып жатқан үлкен өзгерістердің барлығын ескере алады», - деді Қ.Келімбетов сейсенбідегі брифингте.  
«Егер сіздер бұл дәліздің шекті жағына қарар болсаңыз, онда 150 деңгейімен салыстырғанда 188 толықтай  25%-ға әлсіреуді білдіреді», - деп толықтырды ол.
Ұлттық банк басшысы 2008-2009 жылдары мұнай баррелі  $150-ден $40-ға дейін арзандап кеткенін еске салды.
Бұған дейін хабарланғандай, 2014 жылдың 11 ақпанында Қазақстанда ұлттық валютаның кезекті девальвациясы орын алды.   ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының жаңа айырбас деңгейін Т185 / $1 шегінде белгіледі. Ал соңғы жылдары ұлттық валюта бағамы Т145-155 / $1 аралығында болып келген болатын.
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының АҚШ долларына қатысты қолданыстағы дәлізін Т185 плюс Т3, минус Т15-ке дейін кеңейтті.  
Бұған дейінгі ұлттық валюта девальвациясы Қазақстанда 2009 жылдың 4 ақпанында орын алған болатын.   ҚР Ұлттық банкі $1 (+25%) үшін Т150 деңгейінде теңгенің жаңа айырбас бағамын белгіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: