Олег Смоляков: Әрекет етудің нақты жоспары болмаса ешбір банк Ұлттық банк қолдауын ала алмайды

Алматы. 17 шілде. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Аптада Ұлттық банк банк секторының тұрақтылығын көтеру бойынша бағдарламасын таныстырды. Банктерді қолдауға реттеушінің бюджетінен Т500 бөлінеді деп болжануда, ал осы бағдарламаға капиталы кем дегенде Т45 млрд болатын 15 ЕДБ қатысады деп болжануда. Бұл ретте Ұлттық банк ол банктерге негізгі проблемаларын шешуге 5 жыл береді. Реттеуші өзінің осы бағдарламасынан нендей нәтижелер күтіп отырғаны туралы біз Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтан айтып беруін сұрадық.


- Олег Александрович, бағдарламаны іске асырудан сіздер қандай нәтиже күтесіздер?

- Оның әсері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, рейтингтік агенттіктер үнемі банктерге рейтингтік баға беріп отырады, сонда оларға рейтингті қайта қарауға ықпал ететін факторлардың біреуі ол банктердің капитал көздері неде екеніне қарайды. Яғни рейтингіленетін банк біздің бағдарламамызға қатысатын банк болса, онда, біріншіден, ол банк толық көлемде провизия құра алатынын көрсетеді, екіншіден, мемлекет ол банкті қаржылық тұрғыдан өміршең деп есептейді де оған өз ресурстарын ұзақ мерзімге бере алады. Сондықтан біз бірінші кезекте осы рейтингтік агенттіктер тарапынан біздің бағдарламаға қатысып отырған банктерге тиісті баға беріледі деп есептейміз.
Екінші әсері – аудиторлық есептер. Қазір біз жылдық аудит кезеңінен өттік. Келесісі келесі жылдың сәуір-мамырында өтеді. Мен біздің осы вербальды сипаттағы интервенциямыздан соң аудиторлар ЕДБ несиелік портфельдерін бағалауға мұқият қарайтынын білем. Сондықтан банктер провизиялардың лайықты деңгейін құрған сайын аудиторларда да оларға деген сұрақтар аз болады.
Жалпы алғанда біз бағдарламаны іске асырған бірінші жылдары біз банктермен үйлестірген жоспарлар олардың резерв құруына үлкен мүмкіндік жасайды. Бірақ бағдарламаға қатысушы банктер 5 жылдан кейін біздің талаптарымыз орындалмаса және пруденциальдық нормативтерді бұзатын болса, онда біз провизияланбаған деп есептегендеріміздің барлығын, сәйкесінше, банктің негізгі капиталының есебінен түзетеміз.
Сондықтан, біз банктерге өздерінің негізгі проблемаларын шешуге 5 жыл бергенімізге қарамай, біз алғашқы нәтижелерді биылғы күзде де, келесі жылдың ортасында да ала бастаймыз.


- Яғни сол 5 жыл бойына банктердің несиелік белсенділігі жандана қояр деп күтудің реті жоқ па?

- Мен олай демеген болар едім. Біріншіден, біз көрсетейін деп отырған көмегіміз – ол ақшалай ресурстар. Иә, бізде шектеулер болады, ол ақшаға олар мемлекеттік құнды қағаздарды (МҚҚ) сатып алулары керек, бірақ біздің бағдарламамызда көрсетілгендей, бірер уақыттан соң банктер осы МҚҚ-ларды нарықта сатып, сол арқылы өтімділік алуларына болады. Нәтижесінде банктерде ұзақ уақытқа ақшалай ресурстары болады, себебі бағдарламамен реттеуші берген қаражатты қайтару мерзімі 15 жыл. Бұл қаражатты олар бұрынғы борышкерлерін қайта қаржыландыруға немесе жаңа несиелер беруіне пайдалана алады.
Егер жалпылама түрде айтатын болсақ, онда біз ЕДБ-ларға қаражат бөлу арқылы екі мақсатқа қол жеткізбекшіміз: Біріншіден, банктерге кіріс жасау және қосымша өтімділік беру. Болжам бойынша, кіріс пен акционерлердің қосымша қаражат құюы есебінен проблемалық қарыздарды жабу, ал беріліп отырған өтімділік есебінен – экономиканың нақты секторын қаржыландыру болады.


- Бірақ Ұлттық банктің қазіргі жоғарғы базалық мөлшерлемесі бар қатаң ақшалай несиелік саясатын ескерсек, реттеуші бөлген қаражат нақты секторды қаржыландыруға емес, Ұлттық банк ноттарын сатып алуға кетпес пе екен?


- Жақсы сұрақ. Егер біз экономиканы кредиттеуді арттыруға қол жеткізгіміз келсе, онда бөлініп отырған қаражат депозиттерге түсіп және Ұлттық банк ноттарына кететін болса, біз ақтық мақсатымызға жете алмаймыз. Бірақ, екінші жағынан, жарты немесе бір жылдан соң дефолтқа ұрынатын проблемалық борышкерді несиелендірудің еш мағанасы жоқ. Сондықтан да мөлшерлеме деңгейі борышкердің несиелік тәуекеліне байланысты. Егер ол деңгейі 3-4% болатын борышкер болатын болса, айталық, МҚҚ кірістілігі 10% болғанда, онда 13-14%-бен берілетін қарыз - ол несиелендірудің қалыпты деңгейі деуге болады.
Бірақ біздегі проблема - ешкім де «Дамудың» субсидияланған бағдарламасындағыдай
6-7%-дан асатын болса, оны алғысы келмейді. Оны бірнәрсе қылу керек. Яғни біз айтамыз: базалық мөлшерлемені ескерген және борышкердің кредиттік тәуекелін ескерген несиелендіру тетігін құру үшін субсидияланған бағдарламалар есебінен нарықта туындайтын бұрмалаушылықтарды түзету керек.


- Ал сіз Ұлттық банк бағдарламасын іске қосқан соң ЕДБ-лер проблемалық қарыздарды белсенді түрде жаба бастайды дегенге сенесіз бе?


- Бұл базалық шарттардың бірі. Яғни банктерге қаражат бөлудегі базалық шарттардың бірі - оларда нақты жоспары болуы керек. Яғни онда акционерлер, біріншіден, банкті капиталдандыруға қатысуы тиісті, екіншіден, провизияның қажет деңгейін құру, үшіншіден, егер провизия немесе капитал деңгейі жеткіліксіз болса, банктер пруденциалдық нормаларға сай келуі үшін өздерінің бизнестерінің үлгісін қалай өзгерткісі келетіні нақты көрсетілген жоспарлары болуы шарт. Мұндай жоспарсыз бір де бір банк Ұлттық банк тарапынан көмек аламын демей-ақ қойсын.


- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage