Ольга Шишигина «Бірінші болу-батылдық» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды

Астана. 13 шілде. ҚазТАГ – Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина «Алматы марафонының» ұйымдастырушысы – «Бірінші болу-батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді.
«Ольганың спорттағы жолы жас спортшылар үшін ғана емес, дене шынықтырумен әуестенетін ересектер мен кәсіби спотшыларға да үлгі боларлықтай», - деді қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов бұл жайлы.
Ольга Шишигинадан басқа қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне белгілі спортшылар Юрий Мельниченко, Александр Винокуров, Дмитрий Баландин, Валихан Тен кірген

adimage