Олжас Сүлейменов: Адамзатты болашақтағы надандықтан құтқару керек

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Адамзатты болашақтағы надандықтан құтқару керек, деп санайды ақын Олжас Сүлейменов.
«Мәдениетке экология, сана экологиясы, жан-дүние экологиясы кіреді. Адамзатты бактериядан, вирустан және басқа да зиянды дүниелерден ғана емес, надандықтан да құтқару керек. Болашақтағы, өкінішке орай надандықтан, нашар білімнен, нашар кітаптан құтқару керек, оқырмандарымыздың азайып кеткені де – маңызды. Сондықтан ғылым да, экономика да, саясат та артта қалып бара жатыр», - деді Сүлейменов «Адамзат, Жерге басыңды іи: рухтанған экология планетаны сақтаудың негізі ретінде» атты Алматыдағы Евразия мәдениеттерін жақындастырудың үшінші халықаралық форумының кулуарында.
Бұл ретте ол атап өткендей, адамзатың саналылығы оның табиғатты қорғау қабілетінде де жатыр.
«Біз адамзатты жеке тұлға ретінде, адам ретінде ғана емес, Homo Sapiens ретінде де сақтауымыз керек. Біз қазір осыған назар аударып жатырмыз, біздің мәдениетіміз де осыдан білінеді. Егер біз мұны байқауды қойсақ, біз қайта Homo-ға айналамыз, бірақ Sapiens-ке емес. Ондай Homo табиғатта көп болған, ал бірақ Sapiens бірінші- ойлай алатын адам, және біз осы түр ретінде табиғатты қорғап, өзімізді де, өз әлемімізді де қорғауға тырысып жатырмыз», - деді Сүлейменов.

adimage